


«Жігіт сұлтаны – 2025» сайысы өтті.
Мектебімізде оқушылардың өнері мен тапқырлығын танытатын «Жігіт сұлтаны – 2025» сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өз қабілеттері мен зерделілігін көрсетті. Шара жас ұландардың бойындағы рухани, мәдени және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!


Біздің мектебімізде «Ертегілер елінде» атты ерекше жоба жүзеге асырылуда.
Бұл жоба аясында оқушылар өз ата-аналары және ата-әжелерімен бірге ертегі оқып, бейнежазбалар түсірді. Жобаның мақсаты – ұлт тәрбиесінің қайнар көзі болған халық ертегілері арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру.


«Ертегілер елінде» жобасы бастау алды!
1-сынып оқушыларына арналған бұл ерекше жоба — әке мен баланың жылы қарым-қатынасын нығайтып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Жобаның шарты:
Оқушы мен әкесі бірге ертегі оқып немесе әке ертегі айтып отырған сәтті сапалы бейнежазбаға түсіреді.
Видеоролик қазақы нақышта безендіріліп, ертегі тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс.


Республика күні – елін сүйген, Отанын құрметтеген әрбір азамат үшін қасиетті мереке! Жүрегімізде елімізге деген мақтаныш, болашағымызға деген сенім мәңгілік болсын! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


үгін «Жас Дарын» мектебінде сұлулық пен сымбат мерекесі — «Күз ханшайымы» дефилесі өтті! Жарқыраған аруларымыз күздің көркін ашып, нәзіктігі мен талғамын көрсетті. 🌻✨


Ісшараның өткізілу мақсаты – оқушыларының күз мезгілі жайлы танымын арттыру. Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы тығыз байланысты күшейту. Ата ананың мектеп ішіндегі іс-шараға белсене қатысуын қадағалай отырып балалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру.


Ұстаздар күніне орай өтілетін «Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем!» мерекелік іс-шарасы
Ісшараның өткізілу мақсаты – Ұстаздарды ұлағаттау, бастауыш сынып оқушыларының ұстаз ұлылығы жайлы танымын арттыру. Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы тығыз байланысты күшейту. Ұстаздар мен балалардың мектеп ішіндегі іс-шараға белсене қатысуын қадағалай отырып балалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру.


ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республинкасы ІІМ-нің жолданған нұсқауына сәйкес,кәмелетке толмағандардың кінәсінен және қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында,2025 жылы 25 тамыз 10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» акциясы өткізілуде.


5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде рухани жаңғырудың темірқазығына айналған, ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын дәріптеу мақсатында “Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы” атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.


5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне деген құрмет, басқа тілдерге деген сыйластықпен өлшенеді. Тілдер мерекесі – ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігінің көрінісі!