Ашық сабақ

Жас Дарын мектебі, 3 “А” сыныбы «Біз буллингке қарсымыз!» атты тәрбие сағатын өткіздік.

Біз — бір-бірімізге құрметпен қарайтын, мейірімділік пен достықты жоғары қоятын оқушылармыз!

Балаларға қолдау көрсету, бірін-бірі түсіну мен сыйлауға үйрету — басты мақсатымыз. Кішкентай жүректерден үлкен ізгілік басталады! 

 Жас-Дарын бастауыш мектебінде түзету–дамыту жұмыстары.

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін қолдау және өзін-өзі бағалауын арттыру мақсатында педагог-психолог тарапынан арнайы түзету-дамыту сабақтары жүргізілді. Балалармен эмоциялық жай-күйін реттеу, сенімділік қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын нығайтуға бағытталған ойындық жаттығулар өткізілді.

 1 «А» сыныбының бейнелеу сабағынан керемет сәттер.

Бүгін «Бақа жасау» тақырыбындағы жұмысымыз өте көңілді өтті. Балалар шығармашылыққа еніп, өз қолымен жасаған жұмыстарын қуана таныстырды.