ЖШС «Жас Дарын бастауыш мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №2-20-6/2297-И хатына сәйкес маңызды өзгерісті хабарлайды:
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі бірлесіп, 1-сыныпқа қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосуда.
ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 8 маусым – 31 тамыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мектепалды даярлықтан өткен және осы мектепте жалғастыруды қалаған балалар, ата-ананың өтінішімен автоматты түрде қабылданады.
Басқа мектепті таңдаған жағдайда, құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.
ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1) Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)
2) Баланың туу туралы куәлігі
3) Ата-ананың жеке куәлігі
4) Медициналық анықтамалар:
№065/е – Иммундау паспорты
№052-2/е – Бала денсаулығы паспорты
5)
3×4 фотосурет
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Барлық құжаттар талапқа сай және толық болуы қажет!
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.
Балаңыздың болашағына бірге қадам жасайық!