Қылқалам байқауы
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел" тақырыбына арнап жазған шығарма
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел Болдым ғашық, туған дала, мен саған,             Алыс жүрсем, арманым- сен аңсаған; Жақын жүрсем, мен-төрінде жанаттың, Алтын діңгек- өзім туған босағам! "Туған жер". Қ. Аманжолов Түн. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Аспанның қабағы бірнеше күн ашылмай түнеріп тұр. Қап-қара түнерген даланы тек ай сәулесі ғана сәл жарықтандырады. Долы боран. Орман ішінде бет-аузын жалаған боранға қарамай, басында орамалы, денесінде тоны, аяғында пимасы, қолына дорба ұстаған кішкентай қыз келеді. Ол жаурағанына қарамастан, еңсесін тік ұстап келе жатыр. Желге қарсы жүргендіктен, ерні тілініп, жарылыпты. Оны қайта-қайта жалап қояды. Қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып келе жатқан ол біреу кездесіп қалар деп, жан-жағына жалақтап қарайды. Бір кезде алыстан лаулаған оттың көлеңкесі қол бұлғағандай көрінді. Жақындап келсе, бір кәрі қария от жағып, жылынып отыр екен. Қыршылдаған қардан біреудің келе жатқанын сезген қария жалт қарады. Бейуақыттағы жолаушыны көріп таңданған ол: "Қызым, бері кел, жаураған шығарсың?"-деп жанына шақырды. Бірер мезеттен кейін қыз аяғын ақырын басып, отқа жақындады. Қол-аяғын жылыта отырып, қарттың өн бойына үңіліп қарады. Бет-ажары Сарыарқа тауларындай қатпар- қатпар, бетіне әжімдер әбден...
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел" тақырыбына арнап жазған шығарма
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел   Береке неде – бірлікте, Татулық қымбат тірлікте. М.Байышұлы              Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы ұзақ әрі күрделі процесс. Өмірде орындалатын бар әрекеттердің арасында байланыс болатындықтан, егемендік үшін күрес те биологиялық табиғи сұрыпталумен пара-пар. Екеуінің нәтижесінде де тек мықтылар мен төзімділер ғана тіршіліктерін сақтап қалады. Сол сияқты, адамзат баласы да өзінің сан ғасырлық тарихы бойында табиғат заңдарының ықпалына түсті деп те айтуға болады. Ғасырлар бойы бодандықтың темір құрсауынан құтыла алмай жанталасқан қазақ халқы да өз алдына жеке халық боп қалыптасу барысында ұзақ даму дәуірлерін басынан кешірген. Толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар, отаршыл елдердің қанаушылығы мен езгісі, феодалдық бытыраңқылықтар сынды қиын кезеңдер жұрттың еңсесін сындырмай, халық рухын шынықтырып, бірізділігін одан сайын арттырып, батырларымыз жаудың бетін қайтара алды. Тағдырына жазылған ауыртпалықтарға қарамастан бабаларымыз туған халқының болашағын қамтамасыз етіп, тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрлері мен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білді. Азаттыққа жетер тауқыметті жолдың нәтижесінде қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне қол жеткізді. Осыдан елімнің қайсар халық екеніне қайта...

Біздің контактар

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы

Астана к.,125

(Картадан көрсету)

 

+7 (7182) 61-81-32

e-mail: gasdaryn@mail.ru

 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің электронды оқыту жүйесінің порталы