Басы » Қоныс аударғандар мен оралмандарды мемлекеттік қолдау

Қоныс аударғандар мен оралмандарды мемлекеттік қолдау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысына 2017 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 398 отбасына, оның ішінде  300 оралман отбасына бөлінді.
2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Семей қаласына 9 оралман отбасы (32 адам) көшіп келді. Оларға көшіп қоныстануға 2,5 млн. теңге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу субсидиясына 1,6 млн. теңге төленген.
2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен «2018 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» № 454 бұйрығы қабылданып, онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылға 364 оралман отбасын қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленген.
2018 жылға 25 оралман отбасы (75 адам) көшіп келуі жоспарланған және оларға көшу мен тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу субсидияларына тиісінше 6,3 және 18,0 млн. теңге қаралған.
Аталған санат жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына (кәсіптік оқыту, тұрақты жұмысқа, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, шағын несиелеулендіру, көші-қон) басымды құқығына ие. 
 

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 

 

Өңдеу күні: 11-10-2018