Басы » Басы » Қаулы, шешім » 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 339 қаулыға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 2 сәуірдегі № 339 қаулыға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Дата: 2011-05-19 05:59:02

 

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қалалық басқармасында 2008 жылдың 22 желтоқсанында № 5-2-97 тіркелген

 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ   ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
                                              
ҚАУЛЫ
 
 
 

2008 жылғы 1 желтоқсандағы                № 1414                                Семей қаласы

 
 
 

«1981 - 1990 жылдары туған азаматтарды
2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан -
желтоқсанда мерзімді әскери қызметке
кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы»
2008 жылғы 2 сәуірдегі № 339 қаулыға
өзгерістер  және  толықтырулар  енгізу
туралы


 
Кадрлық өзгерістерге байланысты және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қантардағы   № 148-II Заңының 37-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2008 жылғы     2 сәуірдегі      № 339 қаулысына (2008 жылғы 5 мамырдағы № 5-2-87 нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде 2008 жылғы 22 мамырда № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) шақыру         комиссиясының            құрамына        енгізілсін: Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы;

Азбергенов Серікжан Мұхтарұлы – қала әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы;

2) шығарылсын: Жолжақсынов Т.Б., Нұралиев Р.Т.

2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 
 
Семей қаласының әкімі                                                       М. Айнабеков
Автор: Акимат