Мектеп әкімшілігі
Хасанова Сауле Төлегенқызы
Хасанова Сауле Төлегенқызы
 "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің директоры Хасанова Сауле Төлегенқызы        Хасанова Сәуле Төлегенқызы –  Білім беру үздігі, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған медалімен  марапатталды. «Нәтижеге бағытталған мектептік менеджмент» тақырыбындағы республикалық педагогикалық жобалар байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері.   «ЖАС ДАРЫН» МЕКТЕБІ – АҚЫЛ-ОЙ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕСІГІ         ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мектеп – ол қазақ мектебі. Мектеп – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін, білім, рухани құндылықтарды жас жеткіншек бойына сіңіретін құтты орда.     Бүгінгі таңда еліміздің білім берудегі негізгі саясаты - әлемдік білім кеңістігіне ену екені көпшілікке мәлім. Бұл ұстаным «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі дамуы» атты тұжырымдамасында да өзекті ой болып отыр.      Осыған орай Президенттің 1996ж. 24 мамырдағы № 3002 «Дарынды балаларға арналған мектепке мемлекеттік қолдау, дамыту туралы» өкіміне сәйкес Павлодар қаласында Павлодар облысы әкімінің 1999 жылғы 19 тамыздағы...
Белгібаева Гүлшекер Манапқызы
Белгібаева Гүлшекер Манапқызы
Белгібаева Гүлшекер Манапқызы - Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. Санаты: жоғары. Еңбек өтілі: 22 жыл Наградалар, құрмет атақтары, ғылыми дәрежесі: Республикалық "Дарын" орталығының "Құрмет грамотасы"; Павлодар облысының білім беру басқармасының "Алғыс хаты".
Сырттанова Айнаш Тоқтарханқызы
Сырттанова Айнаш Тоқтарханқызы
Сырттанова Айнаш Тохтарханқызы – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Санаты: І. Еңбек өтілі: 23 жыл.  Наградалар, құрмет атақтары, ғылыми дәрежесі: Павлодар облысының білім беру басқармасының «Алғыс хаты»; Павлодар облысының білім білім беру басқармасының "Құрмет грамотасы".
Әбдіжүсіпова Бәтима Халыққызы
Әбдіжүсіпова Бәтима Халыққызы
Директордың инновация жөніндегі орынбасары,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.          Заман талабына сай мектеп         Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал боп табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.             Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында жас ұрпаққа осы замандағы білім беру міндетін айқын қойғаны белгілі. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»,- деп атап көрсеткен. Ұлттың ақыл-ой әлеуетінің басы мектеп қабырғасынан басталады. Қаламыздағы жалпы білім беретін оқу орындарының ішіндегі «Жас Дарын» үздік мектебінің құрылғанына былтыр 10 жылдық мерейін атап өтті. Алдына шығармашылық жағынан белсенді, интегративті тұлға қалыптастыру мақсатында білім мазмұнының тұтас, жан-жақты, проблемалық байланыстарын ашатын технологиялар...
Қожагельдинова Гүлнази Нығметқызы
Қожагельдинова Гүлнази Нығметқызы
Директордың ғылыми-әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары,математика  пәнінің  мұғалімі.    Марапаттаулары: Павлодар қаласының ПКБАИ Құрмет грамотасы; Павлодар қаласының ПКБАИ алғыс хаты; Қалалық маслихаттың Құрмет грамотасы; ҚРБжҒ министірлігінің Құрмет грамотасы; Павлодар облыс әкімінің құрмет грамотасы; "Нұр Отан" ХДП ЕҚФ Құрмет грамотасы; ТОО "ИНЕУЕК" алғыс хаты;  Қалалық педагог қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.  

Біздің контактар

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы

Ленин к.,125

(Картадан көрсету)

 

+7 (7182) 61-81-32

e-mail: gasdaryn@mail.ru

 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің электронды оқыту жүйесінің порталы