Мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!

Мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!

17.01.2017 18:20
Алматы қаласында қаңтардың 10-17 аралығында өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХІІІ Халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада Мохаммед-Әлі Әмір І орын және "Алтын" медальға ие болды. Әмірге қолдау көрсетіп, олимпиада шыңына жетелеген ұстазы Арыстан Анатолийұлы мен ата-анасын құттықтаймыз!
Облыстық пәндер олимпиадасының нәтижелері

Облыстық пәндер олимпиадасының нәтижелері

12.01.2017 09:40
«Ең үздік олимпиадалық команда-2017»номинациясында – Жаратылыстану-математикалық бағыты: ІІ орын -«Жас дарын»мамандандырылған мектебі иеленді. Гуманитарлық бағыт: І орын- «Жас дарын»мамандандырылған мектебі І орын- 11; ІІ орын- 9; ІІІ орын- 17. Барлығы : 37 орын
Шахмат клубының ашылуы

Шахмат клубының ашылуы

9.01.2017 17:30
Бүгін, яғни, 9-шы қаңтар күні жалпы облыс көлемінде шахмат клубының ашылуы өтуде. "Жас дарын" мамандандырылған мектебінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шахмат академиясының мүшесі Төлеген Нукиннің қатысуымен шахмат ойыны болып жатыр. Ойынға мектептің мұғалімдері, ата-аналар және оқушылардан барлығы 20 ойыншы қатысуда. Т.Нукин бір мезгілде барлық ойыншылармен қатар ойын көрсетуде.

"Қош келіпсің, Жаңа 2017-ші жыл"

27.12.2016 08:21
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз! "Қош келіпсің, Жаңа жыл" атты жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік кеш мектептің спорт залында 27 желтоқсан күн

"Мәңгілік ел" идеясын іске асыру мақсатында өткізілген сабақтар панорамасы

Қараша айының 28 мен 5 желтоқсан аралығында "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру мақсатында мектепте пән бойынша сабақтар панорамасы болып өтті. Белгіленген кесте бойынша апта бойында ұстаздар күнтізбелік тақырыптық жоспардағы сабақтың тақырыбына "Мәңгілік ел" идеясын кіріктіру арқылы сабақтар өткізілді. Осы сабақтардың жоспарына сәйкес методикалық нұсқаулық шығарылуда.

Дата: 24-12-2016 Автор: Жас дарын

Біздің контактар

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы

Ленин к.,125

(Картадан көрсету)

 

+7 (7182) 61-81-32

e-mail: gasdaryn@mail.ru

 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің электронды оқыту жүйесінің порталы