Экспо-2017 тарихы

EXPO-2017 – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ    

Қарашаның 22-сінде Франция астанасы Па­риж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді. Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і қарсы дауыс берді. Осы­лайша Бел­гияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен Қазақ елі астанасы айқын басымдықпен жеңіске жет­ті. 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Ор­талық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағын­да өткізілетін алғашқы ха­лық­ара­лық көрме бол­мақ. Халықаралық «EXPO» көр­месінің Ас­танада өт­кізілуі – жаһан жұрт­шы­лығының Қа­зақ­станды мойындай білген­ді­гінің белгісі.
Бүкіләлемдік әмбебап EXPO көр­мелері – бұл жаһандық маңызы бар оқиға, өз маңыздылығы бойынша тек бүкіләлемдік экономикалық EXPO көр­мелерінің форумдарымен ғана салыс­тыруға келеді, ал туристік ұтым­дылығы бойынша әлемдегі ең тарал­ған спорт­тық жарыстармен тепе-тең.
1851 жылы принц Альберттің ұсы­нысы бойынша Лондон қаласында бі­­рінші Бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме өткізілді. EXPO көрмелері әлем елдері­нің экономикалық, ғылыми, тех­ноло­гия­лық және мәдени жетістік­терімен танысуға тамаша мүмкіндік беретін оқиға ретінде кеңінен та­ныл­ды және тарихи тәжірибе айнасы, ин­новация­лық идеялармен алмасу, бірігу мен келешекке деген ұжымдық көзқарасты танытатын шара болды. Одан бері 161 жыл өтсе де EXPO көр­ме­лері өз маңыз­ды­лығы мен мәртебе­сін жоғалтқан жоқ. Керісінше әлем­дегі ең беделді көрме алаңы бо­лып та­былады. EXPO көрмелерін мил­лион­даған туристер келіп көреді, сондықтан әр ел ұлттық мәдениет ерек­шелігі мен өз экономи­ка­лық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа­сауға ұмтылады. Осының нәтиже­сін­де келушілер павильондардың ға­жайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экспонаттарды көруге мүм­кіндік алады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Ха­лықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып енді және ЕХРО көр­мелеріне 2005 жылдан бастап қа­ты­сып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытын­ды­сы бойынша «C» категориялы 104 қа­­тысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсім­деу өлшемдері бойынша қола медаль­мен марапат­талды. Шанхай (ҚХР) қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан павильонын жарты мил­лион­­нан астам адам келіп көрді. Қа­зақстан Кореяда, Есу қаласына өткен EXPO-2012 көрме­сінде жалпы ауданы 774 шаршы метр павильонда өз экспо­зицияларын көп­ші­ліктің назарына ұсынды.
Ұсынылып отырған 2017 жылы ха­лықаралық «EXPO» көрмесі Аста­нада 3 айға – 2017 жылдың 10 маусымы­нан 10 қыр­күйегіне дейін созылады. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 ха­лық­ара­лық ұйым қатысады, көр­меге 5 мил­лион адам келеді деп күті­лу­де. Бұл Қа­зақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қа­дам болмақ. EXPO-2017 өткізу елор­да­ның да, тұтас республиканың да эко­номикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады. Аста­на­дағы және оның ма­ңындағы кіші және шағын бизнес, ең алдымен қыз­мет көрсету саласы, қо­нақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі дүмпу алады. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұ­рылымын салуға жеке ивестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік бе­реді. Көрме әлемді қазақстандықтар­дың көпұлтты мәде­ниетімен, көне та­рихымен, өнерімен, дәстүрлері мен қонақжай мінезімен таныстырды, Қа­зақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.
Елорданың мәдени дамуы да ма­ңыз­ды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қа­ласы дүниенің әр бұрышынан кел­ген әр түрлі мәдениет үндеріне то­ла­ды. Күн сайын көрме аумағында кон­церт­тер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.
Туристтер мен көрмеге қатысушы­лардың көп саны оларға қызмет көр­сетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені ке­лу­шілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудар­машылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өт­кізу жаңа энергия сақтағыш техно­логиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен биз­несті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша мүмкіндік бола алады.
Студенттар мен жоғары сынып оқу­шылары үшін бұл көрме өзге тіл­дерді үйренудегі тіл жаттықтыруға, жетекші әлемдік ғылыми мектеп­тер­мен танысып, бұдан бы­лайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндіктерін бермек.
Биылғы жыл біздің мемлекетіміз үшін табысы мен қуанышты мол жыл бол­ды. Біріншіден, 2012 жылы тұ­манды Альбион елінде өткен әлем­дік спорт додасында Қазақстан құра­ма­сы­ның елеулі де әсерлі же­тістіктері бүкіл әлем жұрт­шы­­лығына Қазақ­станды танытты. Екіншіден, Париж­дегі жеңісіміз қазақ­стандықтар үшін мақтанышпен қабыл­дайтын жаңалық болды. Бұл кеңауқым­ды шара елімізге дүние­жүзілік деңгей­дегі мүмкіндіктер әкелетіні сөзсіз…

Біздің контактар

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы

Ленин к.,125

(Картадан көрсету)

 

+7 (7182) 61-81-32

e-mail: gasdaryn@mail.ru

 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің электронды оқыту жүйесінің порталы