Аз қамтамасыз етілген оқушылармен жұмыс

Аз қамтамасыз етілген оқушылармен жұмыс

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

 

 

Жаппай оқыту бойынша өткізілген айлық жөнінде

аналитикалық ақпарат

 

Павлодар облысының Білім беру басқармасының 2015 жылғы                       12 қаңтардағы № 5 бұйрығы негізінде мектеп бойынша 2015 жылғы                        12 қаңтарда 12 қаңтар мен 12 ақпан аралығында жаппай оқыту айлығын өткізу туралы № 4-01/4 бұйрығы шығарылды. Айлықтың арнайы жоспары жасалып мектеп директорымен бекітілді. Айлық аясында жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды:

·          Күнделікті әрбір сынып оқушыларының сабаққа қатысулары бақыланып, қадағалануда болды. Арнайы мониторинг жасалып, талдау жүргізілді. Нәтижесінде сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың жоқ екендігі анықталды, оқушылар денсаулықтарына байланысты сабақ босатса, сынып жетекші мен әлеуметтік педагогтың қадағалауымен анықтаманы міндетті түрде әкеледі. Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуы жыл бойы бақылауда болып, күнделікті мониторинг жасалады. 

·          Жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасындағы  оқушылардың  тегін тамақатануы бақыланды. Қаңтар айында мектеп бойынша қамқорлыққа алынған оқушы саны –                    15 болса, айлық барысында отбасындағы табыс жөніндегі анықтамалары жаңартылып, нәтижесінде есепте тұрған 2 оқушының отбасындағы кіріс көзінің мөлшерден артқаны, жеткілікті екендігі анықталды және бұйрықпен жаппай оқыту бойынша қамқорлыққа алынған оқушылар тізімнен шығарылды. Сондай-ақ, көмекті қажет ететін отбасындағы оқушылар анықталып, құжаттары қарастырылды. Табыс көзі күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аз болған отбасында тәрбиеленетін 10-«г» сынып оқушысы Бахатхан Ақсәуле жаппай оқу қорынан тегін тамақтануға өткізілді. 

·          Мектепте денсаулық жағдайына байланысты үйден оқытылатын              1 оқушы бар. Аяғын жарақаттап алу себебімен 6-«г» сынып оқушысы Қасым Айша үнемі мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшінің назарында болып, үйден оқытумен қамтамасыз етілді.

Өткізілген айлыққа сыныптар жаппай қатысты. Жаппай оқыту бойынша қамқорлыққа алынған оқушылардан басқа, әлеуметтік жағдайы жағынан күнкөрістің ең төменгі деңгейі қойылған мөлшерден сәл асып тұрған, бірақ көмекке мұқтаж болған оқушыларға бір реттік көмек көрсетілді. Әрбір сынып жетекші, ата-аналар комитеті мен сынып оқушылары өз көмектерін аямады. 5-«м» сыныбында ата-аналар комитеті тарапынан 2 оқушыға (Рахатова Жансая, Ермұратқызы Асылай) жарты айлық тамақтануына қаржылай көмек көрсетілді. 6-«д» сыныбында анасының қолында тәрбиеленіп отырған Қуат Нәдірге бір айлық тамақтануына, 7-«м» сыныбында анасының тәрбиесіндегі Қаирден Әділге, 7-«г» сыныбындағы анасының тәрбиесіндегі Абубакирова Әминаға, 8-«г» сыныбындағы анасының тәрбиесіндегі Габдулманап Дианаға, 9-«м» сыныбында анасының тәрбиесіндегі Кенжетаев Әділбекке, 9-«г» сыныбындағы анасының тәрбиесіндегі Сүлейменова Айнагүлге, 10-«м» сыныбындағы зейнеткер жалғыз басты ана тәрбиесіндегі  Мүтән Елсүйерге де бір айлық тамақтануына қаржылай көмек (6000 тг көлемінде) көрсетілді. Сондай-ақ,  10-«г» сыныбындағы қарапайым отбасында тәрбиеленетін, Мойылды ауылынан келіп оқитын Бахатхан Ақсәулеге 1 айлық мерзімге жолда тегін жүру билеті сыйланды. 8-«м» сыныбында денсаулық жағдайына байланысты қосымша емделуді қажет ететін Еспаева Қарлығашқа ата-аналар тарапынан                    60 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Өз сыныбында көмекті қажет ететін оқушы болмаған жағдайда, бұл сыныптар басқа сынып оқушыларына көмек көрсеткенді жөн шешті. Мысалы, 11-«г» сыныбының оқушылары 8-«г» сыныбында оқитын анасының тәрбиесіндегі Мұхаметжан Аружанға бір айлық тамақты тегін ішуге мүмкіндік туғызды.

Мектеп мұғалімдері де бұл іс-шарадан тыс қалмады. Мектеп ұжымы атынан көмекті 10-«г» сыныбында оқитын Мойылды ауылында тұратын Сұраған Ахтотыға бір айлық жолда тегін жүру билеті сыйланды.

Жаппай оқыту бойынша өткізілген мектептік айлыққа барлық сынып жетекшілері, сынып оқушылары, ата-аналар комитеті де белсене қатысып өз көмектерін көрсете білді. Қамқорлық, жанашырлық сынды қасиеттердің қазақ халқына тән екендігін ұғына отырып,  тәрбиелік бағыттағы өткен іс-шараны мұғалімдер де, оқушылар да ізгі ниетпен, шын пейілмен жүзеге асырды.

 

 

 

 

                                                                           Әлеуметтік педагог             Р. Досумбекова 

Біздің контактар

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы

Ленин к.,125

(Картадан көрсету)

 

+7 (7182) 61-81-32

e-mail: gasdaryn@mail.ru

 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің электронды оқыту жүйесінің порталы